Дәл осындай анама келін керек! Таң ата салысымен тұра тұғын, Табатын сәлемімен сірә тілін. Табанынан анамның өткен сызды, Қабағынан ақырын ұға тұғын. Ақ орамал басына таға тұғын, Ықыласын анамның ала тұғын. Кино көріп жатқанда жайлап келіп, Көрпесі мен жастығын сала тұғын. Шелек алып сиырды сауа тұғын, Қою шәймен көңілін таба тұғын. Шәйін ішіп болғасын жайлап келіп, Үйдің ішін тазалап , қаға тұғын. Өнегесін , ақылын тыңдай тұғын, Келгенде іске еш тынбай тұғын. Уh демейтін шаршаса анам барда, Анам жоқта әбестік қылмай тұғын. Қарсы келмес боп қалса айыпты егер, "Сіздікі жөн деп" құшағын жайып келер. Телефонда жинайтын лайкті емес, Ахреттегі сауапты лайық көрер. Жазғанына тағдырдың көне тұғын, Өз анасындай анамды көре тұғын. Жылы суға салатын қос аяғын, Одан қалса уқалап бере тұғын. Өз ошағым , өз үйім - құтым дейтін, Қолдағы бар несіпке шүкір дейтін. Өсек айтпас , іздемес ең бастысы, "Су ішкен құдығына түкірмейтін" Барлық істің білетін жөнін бөлек, Қабыл алар сәл ауыр жолымды ерек. Қарасындай қарайтын бар мүлікке, Дәл осындай анама келін керек.

Теги других блогов: ана қабылдау көрпе